TyC Sports журналисі Гастон Эдул мәліметінше, ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаға» оралмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лионель Месси енді ешқашан «Барселона» сапында ойнамайды. Оның қайтып оралуы туралы келіссөздер жоқ және болған да емес», - деді журналист.

Бұған дейін Сауд Арабиясының бір клубы Мессиге қызығушылық танытқанын растаған болатын.