«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Испания Суперкубогының финалында «Барселонаға» қарсы ойында өзінің бұрынғы клубы «Реал Мадридке» сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

«Жексенбіде өтетін финалдық ойында «Реал Мадридке» сәттілік тілеймін. Осындай үлкен тарихы бар команданың бұрынғы әріптестерім және достарыммен көрісуге әрқашан қуаныштымын», - деді Роналду «Реал Мадридтің» ресми сайтындағы видеода.

Еске салайық, Испания Суперкубогының матчтары Сауд Арабиясында өтіп жатыр. 2009 жылдан 2018 жылға дейін «Реал Мадрид» сапында ойнаған. Роналду 2022 жылдың желтоқсан айында жергілікті «Әл-Наср» ойыншысы атанды. Бұған дейін ол бұрынғы клубтың жаттығуына барып, бұрынғы әріптестерімен және «Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелоттимен кездескен болатын.