Футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК мен «Ордабасы» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алматылық команда қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата ұтты.

Осылайша «Қайрат» АФК ел чемпионатының биылғы маусымында қатарынан 17-жеңісіне жетті, олар 51 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап келеді.

«Қайрат» АФК (Алматы) – «Ордабасы» (Шымкент) 9:0 (5:0)Гол соққандар: Тұрсағұлов (4, 5), Оразов (6, 30), Кайо Руис (9, 25), Кайо (10), Өмірбаев (23), Есенаманов (32).