«Қызыл сойқандар» Франция құрамасы мен «Саутгемптонның» ойыншысы Морган Шнайдерлинді сатып алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы манчестерлік клубтың ресми сайты мәлімдейді. Шнайдерлин МЮ-мен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Трансфердің құны 24 миллион фунт стерлингті құрады.

«Манчестер Юнайтедке» ауысқаныма қуаныштымын. АҚШ-қа аттанар алдында кішкене қобалжып отырмын. МЮ - әлемдегі ең танымал клуб. Тезірек клубтың жейдесінде алаңға шыққым келіп тұр», - деді Морган.