ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен матчта елордалық «Барыс» ЦСКА-дан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:5 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында Матвей Гусков, Константин Окулов, Сергей Плотников, Максим Мамин және Антон Слепышев голдың авторы атанды. «Барыс» сапында Сағадеев пен Дмитрий Шевченко бір голдан соқты.