Kazsport телеарнасы Еуропа лигасының 2-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат»-«Алашкерт» матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Аталмыш кездесу шілденің 16-ы, Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч астана уақытымен сағат 20:45-те басталады. 

Естеріңізге сала кетсек, алматылық команда жарыстың бірінші айналымында сербиялық «Црвена Звезданы» ұтып, енді екінші кезеңде армениялық «Алашкерт» командасымен күш сынасады.