«Тұран» футбол клубының басшылығында өзгеріс болды. Бас директор міндетіне Әлібек Нұртаев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін аяқтаған. Мансабын ОҚО Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2013 жылы ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы қызметіне тағайындалды. Одан кейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы қызметін атқарды.

2018 жылы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020 жылы Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болды.