Мельбурн қаласында Аустралия ашық чемпионатының ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында бірінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен кездеседі.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина италиялық Элизабетта Коччареттомен кездеседі. Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 43-ракеткасы румыниялық Сорана Кырстеймен бақ сынасады.