Қазақстандық шабуылшы Денис Митрофанов Беларусьтің «Ислоч» клубында қаралымда жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

9 қаңтарда 21 жасқа толған Денис Митрофанов белорусиялық «Ислоч» клубына сынақтан өтуге барды. Мансабын 2019 жылы Алтай жастар құрамасында бастады. Екі жылдан кейін «Қайрат» сапында Премьер-лигада дебют жасады. Одан кейін «Қайрат-Мәскеу» командасында өнер көрсетті. Соңғы маусымды «Атырау» сапында өткізді.

2021 жылдың қаңтарында Митрофанов польшалық Вислаға ауысуға жақын болған, бірақ медициналық тексерістен өтпей қалды.