Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әзірге Ерлан Тоқтарханұлының екі қызметте қалуы немесе ҚФФ-дан кетуі туралы мәлімет жоқ.  

Естеріңізге сала кетсек, Қожағапанов мырза былтырдан бастап Қазақстан футбол федерациясының басқарып келеді.