Ресейлік «Сочи» клубын баптайтын Құрбан Бердыев қызықты футболшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізі бапкер Ростовтағы жұмысынан таныс ойыншыларды шақырғысы келеді. Осы есімдердің ішінде «Қайраттың» бұрынғы футболшысы Нұралы Әліп тек бар.

Бердыев қызығушылық танытқанымен, клуб тізімдегі барлық ойыншыларды қатарға қоса алмайды.

Еске салайық, Әліп 2022 жылдың желтоқсан айында алты айлық жалға алған соң Санкт-Петербургтің «Зенитімен» толыққанды келісімшартқа отырған. Келісімге 2,5+1 схемасы бойынша қол қойылды.

«Зенит» Нұралыны «Қайраттан» 1,75 миллион еуроға сатып алды. Қазақстандық жаңа клуб сапында барлық турнирлерде 20 кездесу өткізгенімен, әлі негізгі құрамның ойыншысы атанған жоқ.