Калифорниядағы әйелдер мен балалардың мүддесін қорғайтын және штаттың 18 сенаторы бар Калифорния әйелдерінің заң шығарушы ассамблеясы Endeavour бас директоры Ари Эмануэльге хат жолдап, UFC басшысы Дана Уайтты қызметінен босатуды талап етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ірі спорт ұйымының басшысы видеода әйелін ұрып-соғып, әйелдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтірді. Таңғажайып екіжүзділік. Шыдамдылықтың шегі бар!» .

Бұған дейін желіде Уайттың әйелі оны қалай шапалақпен ұрғаны туралы видео пайда болып, артынан бірден жауап келген. Оқиға Мексикада Жаңа жылды тойлау кезінде болған.