Рафаэль Физиев Captain Hardcore Youtube-арнасына берген сұхбатында Джастин Гэтжимен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

Сұхбат барысында Рафаэль Физиев UFC-де Джастин Гэтжимен жекпе-жек ұйымдастыруға уәде бергенін айтты.

«UFC де бұл жекпе-жектің өткенін қалайды, Дана Уайтқа да бұл жекпе-жек қызы. Маған: «Наурызда. Дайындал» деді. Қазір келісімшартты күтіп отырмыз. Бәрі ресми болады», - деді Физиев.