21 қаңтарда Алматыда еуразиялық жекпе-жек промоушенінің кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін OCTAGON 39 турнирінде грузиялық Отари Танзилави (8-0) өнер көрсетеді. Ол өзбекстандық Хикматилло Абдулаевпен (9-1-2) кездеседі.

Жақында жеңіліп көрмеген файтер болашақ қарсыласына жауап берді.

Бұған дейін Абдуллаев грузин файтерін жекпе-жекке шақырған.

Айта кетейік, OCTAGON 39 турнирі 21 қаңтарда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы