Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы өмір сүруін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Қайсар» футбол клубы» қоғамдық бірлестігі қаражат жоқтығын себебінен банкрот деп жарияланды. Бұл туралы арнайы мамандандырылған Қызылорда облысындағы ауданаралық экономикалық соты жария етті. Қарыздар «Қызылорда қаласының мемлекеттік кіріс басқармасының» мойнында.
 
Әзірге қызылордалық команданың өзі ресми ақпарат таратпауда. Сот мәселенің анық-қанығына жетіп, қоғамдық бірлестікті банкрот деп жариялап, жұмысын тоқтатуды жөн деп шешіпті.