Лондондық «Челси» футбол клубы «Сток Ситидің» негізгі қақпашысын сатып алды, деп хабарлайды «PROCПОРТ».

Босниялық голкипер «Челсимен» төртжылдық келісімшартқа отырды. Трансфердің құны 8 млн фунт стерлингті құрады. Келісімшарт бойынша Асмир лондондық клубта жылына төрт миллион фунт стерлинг жалақы алады.

Бегович «Челсиде» 1-ші нөмірмен өнер көрсетеді. Әйтсе де, команданың негізі қақпашысы болып Тибо Куртуа қалады.

 

«Челсидің» ресми сайтынан*