Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ММА әлемімен біржолата қош айтысады. Бұл туралы «Спросите у Расула» Telegram-каналы жазды.

Дереккөздің мәліметінше, Хабиб бапкерлік қызметін тастайды. Десе де саясатқа ауыспайды. Қазір ол Дағыстанда өмір сүріп жатыр.

Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы Джастин Гэтжиді жеңгеннен соң мансабын аяқтаған еді. Шетелдік БАҚ оның мансабын жалғастыратыны туралы бірнеше мәрте жазған еді.