«Қайрат» футбол клубы жаңа бес ойыншының қатысуымен ертең баспасөз-мәслихатын өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдейді. Баспасөз-мәслихатына бразилиялық қорғаушы Бруно Соарес, украиндық жартылай қорғаушы Анатолий Тимощук, сербиялық шабуылшы Джордже Деспоотович және қазақстандық ойыншылар Ұлан Қонысбаев пен Тоқтар Жаңғылышбай қатысады.

Аталмыш шара ертең Сегізбаев атындағы балалар академиясында, сағат 15:00-де өтеді.