UFC орта салмақта Роман Долидзе мен Марвин Веттори арасында жекпе-жек өтетінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 наурызда Лондондағы UFC 286 турнирінің басты кардында өтеді.

Долидзе қатарынан төрт рет жеңіске жетті, 2022 жылы желтоқсанда ол Джек Херманссонды жеңді. Ал Веттори кейінгі үш жекпе-жегінде екі рет жеңілді. Соңғы рет ол октагонға 2022 жылы қыркүйекте шығып, Роберт Уиттакерге есе жіберді.