Белгілі Азиялық Brave лигасы дәстүрлі түрде түрлі номинациялар бойынша сауалнама жүргізіп, қорытынды шығаруға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, үздік самбишн номинациясына Ташкентте өткен турнирде өзбекстандық Отарбек Тохировты қылқындыру әдіісімен жеңген қазақстандық Нұржан Ақышевтың жеңімпаз гильотині ұсынылды.

Өткен жылы бұл номинацияда тағы бір қазақстандық боксшы Асу Алмабаев жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы кәсіпқой мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңген. Соңғы жекпе-жекте Ақышев пәкістандық Мехмош Разаны ұтты.