Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) Qazsport телеарнасына берген сұхбатында соңғы жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жақсы жекпе-жек болды. Қарсылас мықты. Шынымды айтсам, екінші немесе үшінші раундта нокаутқа түсірем деген жоспар болған. Бірақ ол жоспарды орындау өте қиынға соқты. Жекпе-жек жеті раундқа созылғанына қуаныштымын. Көрермендер үшін қызықтырақ», - деді Тұраров.

Айта кетейік, Тұраров желтоқсан айында Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жетінші раундта венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, IBO Inter-Continental нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.