«Жетісудің» бас бапкері Иван Азовский «Ордабасымен» (3:0) өткен ойын жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бүгін оңай болған, өйткені жаңа төрт ойыншымыз «Жетісу» сапында бірінші ойындарын өткізді. Есеп 3:0 болғанымен турнир кестесінде аса ештеңе өзгерген жоқ. Ойын өте тартысты өрбіді. Бірінші таймда екі гол соға алдық. «Ордабасы» айып соққыларын жақсы орындайтын ұжым. Маған жігіттердің соңына дейін ойнағаны ұнады. Уақыт өте келе өз ойынымызды табамыз деген ойдамын», - деді талдықорғандық команданың бас бапкері Азовский.