Жарақатынан емделіп жатқан қазақстандық файтер Мария Агапова октагонға оралуға дайын екенін мәлімдеді.

«Операциядан кейін 3 ай өтті. Қазір күнделікті реабилитациядан өтіп, ММА-ден жаттығып дүрмін. Жекпе-жектің уақыты мен қарсыласымды білмеймін, дегенмен жұдырықтасуға дайынмын», – деп жазды спортшы.