Поклюкада (Словения) биатлоннан әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын үш спортшы қорғады. Людмила Ахатова 90-орын алды. Полина Егорова мәреге 93-болып келді. Анастасия Кондратьева 94-орында. Қазақстандық биатлоншылардың ешқайсысы із кесу жарысына өте алмады.

Еске салайық, із кесу жарысына үздік 60 спортшы жолдама алады.

Әлем кубогы кезеңі. Биатлон. Спринт. 7,5 км. Әйелдер1. Ханна Линнеа Эберг (Швеция) – 20:25.2 (0+0)2. Жюлия Симон (Франция) +6.9 (0+0)3. Доротея Вирер (Италия) +18.7 (0+0)…90. Людмила Ахатова (Қазақстан) +4:34.1 (1+0)…93. Полина Егорова (Қазақстан) +4:52.7 (0+2)94. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) +4:56.9 (1+1)