Хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының бас бапкері қызметіне Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды. Бұл туралы Шайба.kz хабарлады.

Қазақстандық маманның қол астында Қазақстан студенттер құрамасы АҚШ-та өтетін Универсиадаға қатысады.

Жарысқа Канада, Чехия, Ұлыбритания, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Латвия, Словакия, Швеция, Украина және АҚШ құрамалары бақ сынайды.