Галифакста (Канада) хоккейден жастар (20 жасқа дейінгі) арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Онда Канада құрамасы АҚШ құрамасын 6:2 есебімен жеңді.

Канада әлем чемпионатының финалында Чехиямен кездеседі, матч 6 қаңтарда өтеді. 5 қаңтарда өтетін 3-орын үшін матчта АҚШ пен Швеция кездеседі.