Канадада өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Чехия құрамасы Швецияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Галифакстағы аренада өткен ойында чехтар 2:1 (ОТ) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Чехия құрамасы үшінші рет жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты. Олар екі рет алтын медаль алған (2000, 2001).