Үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық құрамасы әлем чемпионатының азиялық іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Катарға Кирилл Герасименко, Айдос Кенжіғұлов, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Ая Әлімбаева, Ангелина Романовская, сондай-ақ бапкерлер штабы: Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Дмитрий Левенко аттанды.

Турнир 7-13 қаңтар аралығында өтеді. Спортшыларымыз жекелей, жұптық және аралас жарыстарда жолдаманы сарапқа салады.

Әлем чемпионаты Оңтүстік Африкада (Дурбан, 20-28 мамыр) өтеді. Оңтүстік Африкада тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

Кейінгі рет Африка құрлығында әлем чемпионаты 1939 жылы Египетте өткен.

Фото: olympic.kz