Қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік Анна Калинская Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан Adelaide International 1 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Қазақстан-Ресей дуэті чехиялық Мириам Колодзиежова мен Маркета Вондрусоваға чемпиондық тай-брейкте жеңілді – 6:3, 5:7, 2:10.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.