«Атырау» футзал клубы өз тізімін екі жас бразилиялық легионермен толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұнайшылардың» баспасөз қызметі хабарлағандай, клубпен келісімшартқа биылғы маусымды оралдық «Бәйтеректе» бастаған 21 жастағы Луис Огидо Наказато отырды.

Сондай-ақ, 23 жастағы Виктор Гюго Пирес немесе жай ғана Витиньо әзірбайжандық Араздан Атырауға оралады. Бұл ақпаратты ойыншы Instagram желісіндегі парақшасында растады.