Алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Сергей Политевич Солигорскінің Шахтер клубынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь қорғаушысы «Шахтерге» 2020 жылдың басында ауысты.

Жалпы, команда сапында Сергей 40 ресми кездесу өткізіп, төрт гол соққан.

«Сары-қаралармен» бірге қорғаушы үш рет қатарынан Беларусь чемпионы атанды. 2022 жылғы маусымда Политевич Беларусь Премьер-Лигасының үздік қорғаушысы деп танылды.

Еске салайық, 2018-2019 маусымында Политевич Қазақстан Премьер-лигасында «Қайрат» сапында 17 матч өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанған.