ФИФА басшысы Джанни Инфантино әр елде тым болмаса бір стадионның атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі IZ.ru сайтына сілтеме жасап.

Ол мұндай мәлімдемені 2 қаңтарда Сантус қаласында футболшымен қоштасу рәсімінде жасады.

«Біздің балаларымыз ол қаншалықты маңызды адам болғанын білуі үшін әлемдегі барлық елде тым болмаса бір стадион атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынбақпыз», — деді Инфантино.