Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаидадағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз америкалық Дэниэлл Коллинзды 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, келесі айналымда Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездеседі.