Румыниялық «Чиксереда» қорғаушы Роман Савченко және шабуылшылар Яков Селезнёв, Илья Крикуновпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

34 жастағы Роман Савченко ұзақ уақыт «Барыс» сапында өнер көрсеткен. Қорғаушы ҚХЛ-да барлығы 14 маусым өткізді.

33 жастағы шабуылшы Яков Селезнёв «Югра», «Витязь», «Нефтехимик», «Амур» және «Ак Барс» командаларында өнер көрсетті. Ойыншы ҚХЛ-да 302 кездесуге қатысып, 36 (11+25) ұпай жинаған. Ол қарағандылық «Сарыарқа» мен көкшетаулық «Арлан» сапында да ойнаған.