Осы сенбіде Криштиану Роналду арабиялық «Аль-Насрмен» келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz.

Дәл сол күні жаңа клубының жетінші нөмірлі жейдесімен ұтсап суретке де түскен.

Роналду Сауд Арабиясында жетінші нөмірмен ойнағысы келеді. Клуб та осыған келіскен. Бірақ бұған келіспейтін бір адам бар екен. Ол жетінші нөмірдің бұрынғы иесі, өзбекстандық Жалолиддин Машарипов.

Машарипов «Аль-Насрға» 2021 жылы ауысқан. Бірақ команданың негізгі құрамдағы ойыншысына айнала алмады. Өзбек шабуылшысы жетінші нөмірді португалиялық футболшыға беруден бас тартты, инсайдер ақпаратына сенсек, клуб онымен келісімшартты бұзбақшы.

SSC Sports хабарлағандай, «Аль-Наср» басшысы Мусалли Аль Муаммар Машариповтың трансферге қойылғанын жоққа шығарды. Оның айтуынша Жалолиддин 77-нөмірмен өнер көрсетуге келісті.