Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволдың бапкері боксшы 2023 жылы кіммен жұдырықтасатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Артур Бетербиевпен жекпе-жек 2023 жылдың аяғында өтуі мүмкін. Өйткені Артур жылдың басында, яғни қаңтарда жекпе-жек өткізеді. Дима сәуір айында жекпе-жекке шығады. Қарсыласы Джошуа Буатси немесе басқа ағылшын боксшысы болады. Әрине, келер жылы абсолютті чемпион атағы үшін біріккен жекпе-жек өткізгіміз келеді. Қандай салмақта, ол бізге маңызды емес. 76 келіде «Канеломен» жекпе-жек болса да болады», - деді Машьянов журналист Руслан Гумилевке берген сұхбатында.