Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан United Cup турнирінде қазақстандық Жібек Құламбаева польшалық Магда Линеттпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 6:2, 6:1 есебімен польшалық теннисші жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы польшалықтардан 1:4 есебімен жеңіліп, United Cup турниріндегі өнерін аяқтады.

Құламбаева – Линетт кездесуіне бейнешолуды мына сілтеме арқылы Brisbane Times сайтынан көруге болады.