Ресей атынан шығатын, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов спорттық мансабын аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке қарай, жағдай мен денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Жекпе-жектегі нәтижеге қарамастан жанымда болған, шын жүректен қолдап, уайымдағандарға рақмет. Бұл қызық саяхат, есте қалатын сәт болды. Бәріңізді құшақтадым», – деп жазды 31 жастағы спортшы Инстаграмда.

Дамир Исмағұлов кәсіпқой ММА аренасында 26 жекпе-жек өткізіп, оның 24-інде жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліске ұшыраған. Ол жеңіл салмақтағы Alash Pride FC финалының жеңімпазы және M-1 жеңіл салмақтағы чемпионы болды. 2018 жылы ол әлемдегі жетекші лига UFC-ге ауысты. Онда ол бес рет жеңіске жетіп, бір жеңіліске ұшырады – соңғы жекпе-жегінде Арман Царукянға жол берді.

Фото ufc.ru