Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан United Cup командалық турнирде қазақстандық Александр Бублик Хуберт Хуркачпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 7:6 (8), 4:6, 6:3 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы польшалықтардан 1:4 есебімен жеңііп, United Cup турниріндегі өнерін аяқтады.

Бублик-Хуркач матчының бейнешолуын мына сілтеме арқылы Brisbane Times сайтынан көруге болады.

Фото PAP/EPA/Jason O'Brien