Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы спортшылар рейтингінің 2023 жылдағы бірінші нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: польшалық Ига Швинтек көш бастап келеді, тунистік Онс Жабер екінші, америкалық Джессика Пегула үшінші орында тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 21-орында, Юлия Путинцева 51-орында қалды.

Жұптық сында Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия) үздік үштікке енді.

Қазақстан құрамасының үздігі Анна Данилина 11-орында, Жібек Құламбаева екі сатыға төмендеп 204-орында.