«Зенит» қорғаушысы Деян Ловрен «Лионға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

L’Équipe басылымы хабарлағандай, клубтар трансфер туралы келісімге келді. 33 жастағы хорватиялық қорғаушы жақында «Лион» ойыншысы атанады.

Transfermarkt.de порталы Деян Ловренді 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. Хорватиялықтың «Зенитпен» келісімшарты алты айдан кейін аяқталады.

Айта кетейік, «Зенитте» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.