«Хетафенің» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович «Спартакқа» ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Metaratings.ru басылымы хабарлағандай, клубтар ойыншының трансферлік сомасына келісе алған жоқ. Оның үстіне «Спартак» сербиялық футболшының командаға қажеті бар-жоғын білмей отыр.

Осы маусымда Неманья Максимович «Хетафе» сапында Испания Ла Лигасында 12 матчқа қатысты. 2015-2017 жылдар аралығында ол «Астана» сапында өнер көрсеткен.