«Тоттенхэмнің» бас бапкері Антонио Конте клуб басшылығына келісімшартты ұзарту шарттарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Spurs Web мәліметінше, маман «Тоттенхэмде» шабуылшы Гарри Кейнді командада қалдырғанын қалайды. Бұл лондондық клубтың италиялық бапкермен келісімшартты ұзарту мүмкіндігін арттырады.

Бұған дейін Конте «Тоттенхэм» көп нәрсені өзгерту керектігін айтқан болатын.