Қазақстан құрамасы Аустралияда алғашқы United Cup командалық турниріндегі өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Польшаға қарсы алғашқы матчта кортқа Юлия Путинцева шықты. Оның қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек болды. Қазақстандық теннисші екі сетте де жеңіліп қалды - 1:6, 3:6.

Ойын бір сағат, 4 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы Швейцариямен кездесіп, 5 матчта да жеңіліп қалған еді.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі