«Қайраттың» қорғаушысы Ермек Қуантаев «Қайсарға» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Бүгін ойын өте қиын болды. Алаңға көп жаңа ойыншылар шықты. Бас бапкер Еуропа Лигасы алдында көптеген футболшыларға демалыс берді. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын», - деді Қуантаев.
 
- Алғашқы ойыннан-ақ капитан атанған Анатолий Тимощуктың ойыны туралы не айтасын?
 
- Тимощук – тәжірибесі мол ойыншы, бүгін еш қиындықсыз ойынға араласа алды.
 
- Ойындардың арасындағы уақыттың аз болу өз әсерін тигізуде ме?
 
- Негізі бәрі жақсы, өз қалпында. Бастысы дұрыс дайындық керек. 
 
- Армяндық командада не күтуге болады? Зерттеп көрдіңіздер ме?
 
- Бізге тек қана жеңіс керек. Қарсыласымызды толыққанды зерттеген жоқпыз. Олардың қатысуымен бірнеше ойындарды қарап үлгердім. Өз ойын өрнегімізді көрсетуіміз керек, болды.