Аралас жекпе-жек спортында жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов Джефф Нилдің орнына Хамзат Чимаевпен кездесуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әзірге Рахмонов пен Чимаевтың жекпе-жегін өткізу жоспарда жоқ. Нилдің орнына Хамзат шықса да, Шавкат бұл жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ бұл екіталай », - деді Рахмоновтың командасы.

Шавкат Рахмонов 14 қаңтарда өтетін келесі UFC турнирінде америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасуы керек еді. Алайда қазақстандықтың қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Шавкат Рахмонов кәсіпқой аралас жекпе-жекте 16 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жеткен. Хамзат Чимаев 12 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жетті.