Алматылық «Қайраттың»ойыншысы Ұлан Қонысбаев жаңа командасындағы алғашқы ойыны туралы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Бәрін жеңіспен құттықтаймын! Бүгін алаңға шыққаныма қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткен командаға рахметімді айтамын», - деді Қонысбаев.
 
- Командаға көмектесуге дайынсыз ба?
 
- Әзіге бабыма келіп жатырмын. Көп уақыт ойнаған жоқпын. Әрине, дайынмын.
 
- Чемпиондар Лигасын Еуропа Лигасына айырбастағаныңызға өкінбейсіз бе?
 
- Еш өкініш жоқ. Футболшының өмірі осындай. Бәрі де болады.
 
- «Таразда» Исламханмен бірге ойнаған едіңіз. Содан бері қаншалықты өзгеріпті?
 
- Негізі ол кезде Исламхан қосалқы командада ойнаған болатын. Әрине, қатты өзгерген, ойыны жақсара түскен.