Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти вингер Марко Асенсио мен жартылай қорғаушы Дани Себальостың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Асенсио және Себальоспен келісімшартты ұзарту туралы алаңдамаймын. Бізде талқылауға әлі уақыт бар. Егер бұл ойыншылар «Реалда» ойнауды жалғастырғысы келсе, мен бұған қуанамын, егер жоқ болса, мен бұған да қуанышты боламын», - деп келтіреді маманның сөзін журналист Фабрицио Романо.