Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«140 фунт - ең танымал салмақ дәрежесі. 2023 жылы осымен айналысайық», - деп жазды боксшы твиттерде.

24 желтоқсанда Батыр Жүкембаев алтыншы раундта оңтүстік африкалық Ксолани Мкотелиді (19-8, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңді.