«Ақтөбенің» Ел біріншлігіндегі 20 тур бойы жеңіліссіз сериясын «Ертіс» тоқтатты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Еуропа Лигасындағы эстониялық «Нымме Кальюге» қарсы сәтсіздігінен кейін «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев өз орнын босатқан болатын. Керекуге негізгі бас бапкерсіз аттанған батысқазақстандық клуб ел чемпионатындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ойын аяқталғанша қос команданың шабуылы нәтижесіз болды. Тек негізгі уақыт аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Димитар Димитров шәкірттеріне сәттілік жолдас болып, жеңісті жұлып алды. Қосымша минуттарда қорғаныстағы өрескел қателіктен кейін Стас Покатиловпен жеке шыққан Фонсека командасын жеңіс сыйлады.
 
Қазақстан чемпионаты, 20-шы тур
«Ертіс» - «Ақтөбе» 1:0 (0:0)
Гол: Фонсека 90+1
«Ертіс»: Лория, Кассай, Кислицын, Н'Диайе, Сартаков, Чернышов, Ерсәлімов (Воменко 60), Ирсак, Смақов, Дудченко (Ронкатто 75) , Фонсека.
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Логвиненко, Дяк (Хайруллин 62), Жалмукан, Жулпа, Коробкин (Мирошниченко 59), Левин, Тағыберген, Неко, Хижниченко (Пиззелли 79).  
Төрешілер: Артем Кучин, Алексей Шабанов, Евгений Попов. 
12 шілде 2015 жыл, Павлодар, Орталық стадион.